Сыртқы әдістемелік семинарлар

Сыртқы әдістемелік семинарлар Шетелдік спикерлермен әдістемелік семинарлар 2022 жылдың басынан бастап ғылыми семинарлар сериясын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді (zoom платформасында онлайн өткізіледі, сөйлеудің таңдаулы тілі: орыс тілі). Семинарлар сериясын өткізудің мақсаты Қазақстан және Орта Азия тарихын зерттеумен айналысатын шетелдік ғалымдардың еңбектерімен және қызметімен, сондай-ақ зерттеу қауымдастықтарының отандық аудиториясы мен мүдделі тұлғалар тобы үшін антропология және этнология мәселелерімен танысу болып табылады.: 1. 2022 жылғы 22 ақпан – Амстердам университетінің еуропалық зерттеулер кафедрасының доценті Альфрид К.Бустановтың «Қазақстандағы кеңестік шығыстану» тақырыбындағы семинары. Ғалымның ғылыми-зерттеу бағыты посткеңестік кеңістіктегі ислам тарихын, атап айтқанда, жеке мұрағаттағы құжаттар призмасы арқылы мұсылмандардың субъективтілігін зерттеуді қамтиды. Альфрид Бустанов сонымен қатар исламтану ғылымын насихаттайды, Ресей мұсылмандарының жазба мұраларын жинау, сақтау және талдау мақсатында жыл сайын Ресей Федерациясы бойынша археологиялық экспедициялар ұйымдастырады, жас зерттеушілерге арналған «Ресейдегі ислам» тұрақты жазғы мектебінің авторы. Баяндама Қазақстандағы кеңестік шығыстану тарихы, оның мемлекеттік құрылыспен байланысы тақырыбына арналды.  2. … Әрі қарай оқу Сыртқы әдістемелік семинарлар